Мақала

Қазақ жыры мен аудиокітаптары Apple Podcasts-та

Қазақы құндылықтар әлемдік қосымшаларда жарияланды.

Бұған дейін Ruh.kz порталының ҮouТube арнасында жинақталып келген қазақ күйлері мен жырлары, қазақ әдебиетінің көркем туындылары мен «100 жаңа оқулық» жобасына енген үздік кітаптардың үзінділері Apple Podcasts-та жарияланды.

Енді жыр мен күй тыңдау үшін, қазақ әңгімелерін естіп, мотивациялық подкастпен танысу үшін мына сілтемеден өтіп аталмыш туындыларды өз үнтаспаңызға қосып қоя аласыз.

Бізді Apple Podcasts-тан «Ruhkz» деп іздеу арқылы да таба аласыз.

Аталмыш аккаунтта «Күй – Керуен», «Жыр – Дария», «100 әңгіме», «100 жаңа оқулық» жобаларына енген туындылар топтастырылған.

Алдағы уақытта, бұл подкасттар отандық ән (әуен) тыңдау сайттарында, басқа да қосымшаларда жарияланбақ.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button