Жаңалық

Қызғалдақ туралы қызықты 10 дерек

«Туған жер» айдарының кезекті шығарылымында жазиралы кең даланы асқан сұлулыққа бояйтын қызғалдақ гүлі жайлы айтпақпыз. Гүл патшасы – қызғалдақты Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында да тілге тиек етіп, «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» деп айтады.

 

 

Қызғалдақ туралы 10 дерек:

1. Қызғалдақтар – Наурыз мейрамының символы. Сәуір айында өсетін өсімдік наурызда өтетін бүкіл мерекелердің сәні болып кеткен. Қазақы түсінік бойынша, қызғалдақ – көктемнің, жаңа тіршіліктің бастамасы. Ал дәстүрлі тойымыз – Наурыздың жаңа күннің алғашқы сатысы екені айтпаса да көпке мәлім;

2. Лалагүлдер тұқымдасына жататын әсем гүлдің дүние жүзінде 120-дан астам түрі бар. Елімізде оның 30-дан аса түрі өседі. Пайда болған аймағы – Орталық Азия жері. Қазақстандағы отаны – Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы;

3. Қазақстанда өсетін қызғалдақтың 18 түрі «Қызыл Кітапқа» енгізілген

4. Орталық Еуропа жазығының батыс бөлігінде орналасқан Нидерланды мемлекеті «Қызғалдақтар елі» атанып кеткен. Деректерге сүйенсек, Нидерланды корольдігі қызғалдақ сатудан жылына 500 млн АҚШ доллары шамасында табыс табады;

5. Тарихта шөптесін гүл Ұлы Жібек жолы бойындағы дархан дала – Қазақстаннан өтіп, Иран мен Түркия жеткізілген. Солай, ақырындап Голландияға тап болады. Бүгінде Голландия «Қызғалдақтар империясына» айналып үлгерді;

6. Бір жылдың 15 күнінде ғана гүлдейді;

7. Жұпар иісті гүлді парфюмериялық заттар жасауға да пайдаланады;

8. Көпжылдық өсімдік бауыр ауруларына ем;

9. Елімізде қызғалдақ өсетін бірнеше аймақ мемлекет қорғауына алынған. Олар: Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы, Беркар ботаникалық қорығы және «Красная горька» қорығы;

10. Біле жүріңіз: тарихта орта ғасыр дәуірінде мемориалдық архитектура мен пластикалық өнер түрінде өсімдік тектес оюлар пайдаланылғаны айтылады. Қожа ­Ахмет Ясауи кесенесіндегі жұқа кірпіштер мен Отырар даласындағы ортағасырлық қыштарда гүлдер сәндеу үшін қолданылған. Құлпытастарда да қызғалдақ суреттері салынғаны белгілі. Сонымен қатар ер-тұрман, тері белдік тоғалары, сақина, білезік, қамзол қапсырмалары, ағаштан жасалған жиһаз, кесте, сырмақ, текемет, кілем, алаша, ұлттық киім, киіз үй жабдықтары және қоржын-дорбаларға да қызғалдақ бейнесі өрнектелген.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button