Жаңалық

«Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздары анықталды

Жақында облыс әкімінің бастамасымен «Үлгілі ауыл» өңірлік байқауы жарияланып, оған әр ауданнан үлгіліге үмітті ауылдар қатысқан, – деп хабарлайды Ruh.kz өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесіне сілтеме жасай отырып.

Ауылдың экономикасының өсуі, тұрғындарының ынтымағы мен бірлігі, жастардың білімі мен тәртібі, ауыл тазалығы мен мәдениеті, бұқаралық спорттың дамуы, ауыл жұртының бос уақытын тиімді пайдалануы мен ақсақалдардың белсенділігі сынға түскен байқау қорытындысы бойынша Қордай ауданындағы Кенен ауылы үздік шығып, 5 миллион теңге сыйлықақымен марапатталмақ.

WhatsApp Image 2020-11-09 at 18.34.53.jpeg

Үздікке үмітті облыстағы барлық ауданды арнайы құрылған жұмысшы топ осыдан біраз уақыт бұрын аралап, өзара екшелеген еді

WhatsApp Image 2020-11-09 at 18.34.57.jpeg

Бүгінде киелі ауылдың тұрғындары мал шаруашылығы мен егінді кәсіп еткен.

Мұнда ауыл тұрғындарына қажеттінің бәрі бар: жақында салынған мектеп, көздің жауын алатын ауылдық мәдениет үйі, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында іске қосылған балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы, спорттық алаңдар мен ауылдық амбулатория.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button