Жаңалық

Цифрлық медианың жаңа құралдары қандай?

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі әлеуметтік салада жетекшілік ететін және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруымен айналысатын мемлекеттік мекемелердің мамандарына арналған вебинар өткізді, – деп хабарлайды Ruh.kz порталы өңірлік жобалық кеңсеге сілтеме жасай отырып.

Вебинарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың жаңа тиімді тәсілдері мен әдістерін қолдану, бағдарламаның негізгі бағыттары мен арнайы жобаларын түсіндіру және цифрлық медианың жаңа құралдары мен жаһандық трендтерін қолдана отырып, контент құру мәселелері талқыланды.

Вебинарға спикер ретінде Қазақстандық қоғамдық даму институтының PR-менеджері Оразбаев Әзиз Жанаділұлы сөз сөйледі.

Аталмыш семинар практикалық тұрғыда тиімді және жаңа көзқарастарды қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасуға да септігін тигізді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button