Жаңалық

Жастар көшбасшыларының форумы өтті

Алматы қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Ашық жүрек» жобасы аясында «Қазақстан еріктілері лигасы» ҚҚ ұйымдастыруымен онлайн форматта өңірлік жастар көшбасшыларының форумы өтті, – деп хабарлайды Ruh.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Форумның мақсаты жастар арасында волонтерлік брендті танымал ету бойынша «Ашық жүрек» аралық жобасында ерекше көзге түскен адамдарды құрметтеу болып табылады және аталған іс-шара волонтер жылына орайластырылған.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, «Asar-ume» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Асхат Нұрмашев, «ҚР балалар үйлері түлектері қауымдастығының» президенті Рафаэль Гасанов, еліміздің барлық өңірлерінен еріктілер, жастар ұйымдарының өкілдері және өңірлік үйлестірушілер қатысты.

Іс-шара волонтерлерді сіңірген еңбегі мен жастар ортасында волонтерлік қозғалысты дамытуға белсенді қатысқаны үшін марапаттаумен аяқталды.

«Ашық жүрек» жобасы жастар арасында жаппай волонтерлік қозғалысты құруға, балалардың саналы әрі белсенді азаматтық ұстанымын, әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешу мақсатында өмір сүру аумағы мен қоғамға қатысты оң іс-қимылдарды жүзеге асыруға ықпал ететін жауапкершілікті қалыптастыруға, әлеуметтік көмек мәдениетін маңызды фактор ретінде қалыптастыруға, қазіргі қоғамда дамуға, жас ұрпақтың рухын көтеруге және волонтерлік көмек көрсетуге бағытталғанын атап өту қажет.

Осы жобаға 20 мың адам қатысты, ал барлық өңірлерде «Ашық жүрек» волонтерлерді үйлестіру орталықтары ашылды, 28 жоғары оқу орнымен меморандумға қол қойылды, волонтерлер үшін шеберлік сыныптары өткізілді, азаматтардың жеке күш-жігерін және волонтерлік бастамаларды қолдауға бағытталған барлық өңірлер бойынша волонтерлер мен волонтерлік ұйымдар үшін шағын гранттар ойнатылды.

Басқа материалдар

Back to top button