Жаңалық

Кәсіпкерлікті қолдайтын 10 бағдарлама

Кәсіпкер болу, бизнеспен айналысу – жеке тұлғалардың дамуымен қатар мемлекет әл-ауқатына да айтарлықтай әсер ететіні белгілі.

Әрине, енді бастаған кәсіпкерлер мен жаңа ашылған кәсіпорын бизнес саласының тіс қаққан өкілдерімен бір қатарда тұра алмайды. Бұл саланың ерекшелігі де осында.

Жас кәсіпкерлер мен кәсіпорындар мемлекет тарапынан қолдау күтеді. Бұл еліміз үшін соны дүние емес. Қазақстанда микро, шағын және орта кәсіпкерлерді қолдау мақсатында нешеме бағдарлама әзірленген, іске асырылған, жүйелі жолға қойылған.

ed90e769.jpg

Уақыт ағысына байланысты кей кәсіп түрі өз маңыздылығын жоғалтады. Бағдарлама да ескіреді. Оқырман назарына «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ұсынған бірнеше бағдарламаны таныстыра кетуді мақсат еттік.

«Даму» қандай қор екені, басқа қандай бағдарламалары мен жоспары барын мына сілтемеден өту арқылы біле аласыз. Сонымен, кәсіпкерлерді қолдауға арналған бағдарламалар:

1.«Еңбек» бағдарламасы. Толығырақ…

2.«Даму-микро (Арыс қ.)» – Арыс қаласында микро және шағын бизнесті әрі қарай қаржыландыру бағдарламасы. Толығырақ…

3.Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары. Толығырақ…

4.«Даму аймақтар» бағдарламасы – бірыңғай БЖК 2025 бағдарламасы шарттарына сәйкес экономика салаларында ШОКС кейінгі қаржыландыруды қарастырады. Толығырақ…

5.«Даму-лизинг» – шағын және орта бизнестің лизинг мәмілелерін қаржыландыру бағдарламасы. Толығырақ…

6.«Өңдеу өнеркәсібі саласындағы шок қолдау» бағдарламасы. 3 бөлімнен тұрады. Толығырақ…

7.«Даму-микро» бағдарламасы – микроқаржы ұйымдары субъектілерінің микро және шағын кәсіпкерлікті кейіннен қаржыландыру. Толығырақ…

8.«Бизнестің жол картасы 2025» – барлық өңірлерде бизнесін салалық шектеусіз дамытушыларға арналған субсидиялар. Толығырақ…

9.«Портфельдік субсидиялау» – Қазақстандағы микро және шағын бизнеске арналған субсидиялар. Толығырақ…

10.Қарапайым экономика – Отандық өндірісті дамытушы кәсіпкерлерге арналған субсидиялар. Толығырақ…

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button