Жаңалық

ONLINE BILIM алаңының апталығы аяқталды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» онлайн білім беру жобасының ONLINE BILIM алаңының қарқынды апталығы аяқталды, – деп хабарлайды Ruh.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Бірінші ауысымға 300-ден астам адам қатысты, олар үздік спикерлер: «Жаңа кәсіптер атласы» жобасының үйлестірушісі Саясат Нұрбек, танымал «Шаталканал» Telegram-арнасын құрушы Никита Шаталов, конституционалист Мереке Ғабдуалиев, кәсіби эколог Вероника Дашкова және халықаралық қатынастар жөніндегі маман Ескендір Ақылбаев

-тұлғалық даму
– азаматтық белсенділік
– волонтерлік қызмет, жастар кәсіпкерлігі
– ақпараттық технологиялар атты тақырыптар бойынша білім берді.

Сонымен қатар, қатысушылар өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды. Ең қызықты жоба барлық саладағы жастардың азаматтық белсенділігі туралы бірыңғай ақпараттық арна құру идеясы болды.

Келесі апта «Жастар кәсіпкерлігі»тақырыбында өтеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button