Жаңалық

Павлодар облысының киелі жерлері (видео)

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстан киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасын іске асыру, тарихи ескерткіштер мен қасиетті орындарды насихаттау, рухани құндылықтарды нығайту шеңберінде Май ауданының киелі орындары бойынша «Рухани tour» бейнетуры іске асырылды, – деп хабарлайды Ruh.kz өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесіне сілтеме жасай отырып.

Бейнетур Май ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен өткізілді.

 

Бейнеэкспедицияға өңірдің 7 киелі орны кірді: Абылай, Найза мекені, Бәкіби Басарұлының зираты, Кемертұз жартас суреттері, Мақат қажы қорымы, Ақбалық Хазірет кесенесі, Қайса Нұрғазыұлы бейіті және шалғай Ақшиман ауылындағы «Қалмаққырылған» тауы.

 

 

«Бейнетур екі бөлімнен тұратын қысқа метражды фильм форматында жасалған. Экспедитормен бірге жеті бағыт бойынша шолу ұсынылады. Саяхат картасы: Баскөл – Кеңтүбек – Саты – Ақшиман ауылдары», – дейді Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гульсара Кокина.

 

Өз елінің, өлкесінің тарихын білу және зерделеу өскелең ұрпақ үшін өте маңызды. Бұл патриотизмді, туған жерге деген сүйіспеншілікті және өткен ғасырларда болған көрнекті тұлғалар мен тарихи оқиғаларды құрметтеуге тәрбиелейді.

 

Келесі жылы Май ауданының қасиетті нысандары бойынша бейнеэкскурсия жалғасын табатын болады. Жобаның ұйымдастырушылары фильмнің келесі бөлігінде өңірдің тарихи-мәдени мұрасы туралы көптеген фактілерді қамтитын басқа да діни нысандар мен мәдени-тарихи ескерткіштерді қамтуды жоспарлап отыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button