Жаңалық

«Үздік әдебиет» республикалық кітап жобасының ІV бөлімі:

«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» арнайы жобасы аясында Аққулы ауданында «Фольклор – халық қазынасы» атты жаңа жоба бастау алды, – деп хабарлайды Ruh.kz Павлодар облысы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесіне сілтеме жасай отырып.

Жобаның басты мақсаты – мәдени байлығымызды жастардың зердесіне тоқытып, парасатты, эстетикалық талғамы жоғары азамат етіп тәрбиелеу.

«Бүгінгі күні ауылдардан 20-ға жуық қатысушы өз шығармашылықтарын тарту етті. Үлкендердің орындауында «Угәй-ай», «Дариға», «Бүлдірген», «Маржан қыз», «Сәулем-ай», «Бір бала», «Еркем-ай», «Маржан қыз», «Сәулем-ай» және т.б. тамаша туындылар топтастырылуда», – дейді Аққулы ауданы мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Жаннұр Ахметжанова.

2021 жылы жобаға қатысқан қарияларымыздың орындауындағы халық әндерін, аңыз-әпсаналарын жинақтап, арнайы диск шығару жоспарлануда.

«Ұлттық құндылықтарымызды сақтап, насихаттау өскелең ұрпаққа патриоттық серпін беретініне сенімдіміз», – дейді жоба ұйымдастырушылары.

Қадірлі ата-әжелеріміздің шығармашылығы көрерменнің көңілінен шығатыны сөзсіз.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button