Жаңалық

Президент Ақпарат және қоғамдық даму министрін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақпараттандыру стратегиясын іске асыру және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында берілген тапсырмаларының орындалу барысы жайында баяндалды, – деп хабарлайды Ruh.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Сонымен қатар министр азаматтық қоғамды дамыту мәселелеріне тоқталып, аталған бағыт бойынша алға қойылған міндеттерді орындаудың нақты жоспарлары туралы мәлімет берді.

 

Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алынған жұмыстарды жалғастыра беруді атап өтіп, министрлікке бірқатар міндет пен тапсырма жүктеді.

Басқа материалдар

Back to top button