Жаңалық

Экология мәселелері талқыланды

Қазақстандықтар жылына 6 миллион тонна қалдық шығарады. Бұл туралы Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының (ҚЭҰҚ) ұйымдастыруымен өткен Eco-talks іс-шарасында белгілі болды.

ҚЭҰҚ басқарма төрайымы Айгүл Соловьева адамзаттың қоршаған ортаға деген орасан зор қарым-қатынасының салдары – қоғамның барлық мүшелері шешуі тиіс проблема екенін, оның ішінде адамдардың сана-сезімін арттыру үшін үнемі жұмыс жүргізудің қажеттілігін атап өтті, ал мұнымен StopMusor жобасы айналысады.

«Статистика көрсетіп отырғандай, бір ғана Қазақстанның полигондарында жыл сайын 5-тен 6 миллион тоннаға дейін қалдық түзіледі және қазақстандық мамандар бұл 60 миллиард теңгеден астам соманы көмумен тең деп мәлімдейді, – деді эко-белсенді және Recycle Birge негізін қалаушы Пакизат Сайлаубекова, біздің мақсатымыз – Еуроодақ елдеріндегі сияқты қалдықтарды қайта өңдеу айналымына қол жеткізу».

Талқылау барысында автокөліктерді тексеру үшін қаланың периметрі бойынша экологиялық бекеттерді жұмысқа қайта енгізу ұсынылды. Шынында да, күн сайын қалаға облыстан 100 000-ға жуық машина кіреді, олардың көпшілігі техникалық стандарттарға сәйкес келмейді, осылайша ауадағы көмірқышқыл газының концентрациясын арттырады.

Eco-Talks қатысушылары қоқысты қайта өңдеуді ұсынды. «Қоқыс, ол ойлаудан басталады, ал көшедегі қоқыс-қалдық бұл – біздің санамыз бен тәрбиеміздің салдары», – деді суретші-мүсінші Руслан Ақанаев. 

Қазақстандық дизайнер Құралай Нұрқаділова қала кеңістігін эстетика жағынан да, қоқысты пайдалану ыңғайлығы жағынан дұрыс жобалаудың маңыздылығына тоқталды.

Талқылаудың басталуына дейін ARTиШОК әртістері дайындаған интерактивті театрлық қойылым көрсетілді.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button