Жаңалық

Елбасы музейінде екі көрменің ашылу рәсімі өтті

19 қараша күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінің ғимаратында «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи негізі» және «Дипломатиялық сыйлықтар – адамзаттың мәдени мұрасының құрамдас бөлігі» атты екі көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Елбасы кітапханасының мұрағаттық, кітаптар және музей жинақтарындағы көрмелер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне және Тәуелсіздік Күніне арналған іс-шаралар сериясы аясында дайындалды.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ғалымдар, белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов қатысушыларды алда келе жатқан мерекелермен құттықтады:

«Биылғы жыл көптеген маңызды мерейтойлармен есте қалды, көбісін онлайн режимде атап өтуге мәжбүр болдық. Сондықтан мен құрметті қонақтарды осы жерде көргеніме өте қуаныштымын. Мемлекеттік мерекелерге және Елбасының атымен тікелей байланысты мерекелерге арналған көрмелердің ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Тұңғыш Резиденциясында ашылып жатқандығының өзіндік мәні бар. Аталған мерекелер қарсаңында халықтың ұлттық бірегейлігі мен тарихи жадының жаңғыруына байланыс жасай алу мүмкіндігі жасампаздығымызға серпін береді. Біздің экспозицияда көрсетілгендердің бәрі жүректеріңізден орын алады деп сенеміз, себебі біз салдары мен көлемі ауқымды өзгерістердің заманадасымыз».

ҚР Мәжілісінің депутаты, Елбасы кітапханасы Ғылыми кеңесінің құрметті мүшесі Ерсұлтан Бектұрғанов:

«Мен осындай қызықты да маңызды көрме ұйымдастырған Тұңғыш Президент Кітапханасының басшылығы мен қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді. Осы жылы біз Тәуелсіздіктің 29 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Аталған уақыт аралығында бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп, алға қойған мақсаттарымызға қадамдап келеміз. Осы кезеңдегі Қазақстанның барлық жетістіктері Н.Ә. Назарбаевтың есімімен, оның идеяларымен, шешімдерімен, бастамалары және саясатымен байланысты екенін ешкім жоққа шығармайды деп ойлаймын. Оның арқасында көк туымыз бар дамыған елдерде танылды. Біздің және қазақстандықтардың болашақ ұрпақтарының міндеті – осы мұраны сақтап, оны арттыру, – деді

«Тәуелсіз Қазақстанның тарихи негізі» көрмесінде ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өткенді зерттеу мен насихаттауға арналған бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру барысында Ұлы Даланың тарихи-мәдени мұрасын жаңғырту мен дамытуға қосқан үлесін көрсететін фото, видео және мәтіндер ұсынылған.

Елбасы кітапханасының мұражай қорында ерекше жәдігерлер бар. Олардың маңызы терең символизм, тарихи оқиғаларға қатысы және орындау ерекшелігімен тікелей байланысты.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button