Жаңалық

Келесі жылдың мәдени астанасы анықталды

Санаулы күндерден кейін «Шымкент 2020 – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы» жылының жабылу салтанаты өтеді, – деп хабарлайды Ruh.kz порталы өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесіне сілтеме жасай отырып.

Келесі жылдың мәдени астанасы эстафетасын Тәжікстанның Душанбе қаласы қабылдап алмақ.

Осы орайда, шымкенттік ісмерлер биылғы мерейлі мерекенің мәнін айшықтап, 2200 тұмар әзірлеуде.

«Біздің шеберлеріміз тұмар тігуге өздерінің үлкен сүйіспеншілігі мен махаббатын арнады. Шымкенттіктердің ыстық лебізімен тігілген 2200 тұмар Жібек жолымен Душанбе қаласына жіберіледі», – дейді жауапты саланың өкілдері.

Айта кетейік, «Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылу рәсімі 22 қараша күні сағат 15.00-де онлайн форматта өтеді.

Шара аясында қаладағы саябақтарда 7 жылжымалы театр, 5 музыкалық перфоманс, ақындар, жазушылар және әдеби қайраткерлер бейнесіндегі бойлы қуыршақтар шеруі ұйымдастырылмақ.

Қаламыздың жас суретшілерінің көрмесі мен ғимараттардың қасбеттерінде 7 муралдың тұсаукесері өтеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button