Жаңалық

«Рухани жаңғыру» апталығы қалай өтті?(фоторепортаж)

(фоторепортаж)

2020 жылдың 16-21 қарашасы аралығында №81 «Astana English school» мамандандырылған гимназиясында 4-11 сыныптарға арналған «Рухани жаңғыру» апталығы өтті.

Апталық оқушылардың оқу режиміне сай 4-сынып оқушыларына офлайн, қалған сыныптарда онлайн форматта өтті.

Оқушылар 5 күн бойы Елбасы бағдарламалық мақаласының қағидаларымен танысты

Аталмыш апталық «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты, «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Сондай-ақ оқушыларға танымдық, ақпараттық, ойын, дебат, сұхбат форматындағы ашық сабақтар өткізілді.

Апталықтың бірінші күнінде оқушыларға жаппай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы түсіндірілді

«Прагматизм» бағыты бойынша «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен онлайн кездесу ұйымдастырылды. 4-сынып оқушылары еліміздің киелі нысандарына квест тур жасады.

9-11 сынып оқушыларына «Мамандықты дұрыс таңдау» тақырыбында аталмыш жоба жеңімпаздары: кардиохирург Бауыржан Рақышев, физик Нұрхат Жәкиев, суретші-мультипликатор Қанат Нұртазин және институт қызметкері, экономист Руслан Беген сұхбат берді

«Қазақстан дамыған 30 елдің қатарында. Жастардың көзімен» атты ағылшын тілінде дебат өткізілді.Апталық барысында Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу онлайн байқауы, ұлттық дәстүр мен ойындар жарысы өтті.

Апталықтың соңында оқушылар заманауи қазақстандық оқушылардың келбетін жасап, «Рухани жаңғыру» мақаласынан түйген ойларымен бөлісті.

Басқа материалдар

Back to top button