Жаңалық

Білім грантына байланысты 7 сұраққа жауап

Әрбір оқу жылының аяғында білім гранттарына байланысты түрлі түсінбеушілік орын алады. Осының салдарынан талай түлек уақытын босқа өткізіп алып жатады. Бұл мақаламызда білім гранттарына байланысты ең өзекті сұрақтарға жауап іздедік.

Сұрақ: «Түлектің ҰБТ-да қажет балл жинамаса да, грантқа түсу мүмкіндігі бар ма?»

Жауап: Жоқ.

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысында мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкер ҰБТ-да кемінде 50 балл жинауы тиіс деп көрсетілген. Бұл ретте Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы сияқты міндетті пәндер бойынша кемінде 5 балл және 2 бейінді пән бойынша кемінде 5 балл жинау қажет. Яғни, талапкер міндетті 50 балл жинамаса, ол білім беру гранттары конкурсына қатыса алмайды.

Егер талапкер міндетті 50 балды жинап, ҰБТ нәтижесі төмен болған жағдайда талапкердің білім грантын алуға мүмкіндігі бар. Бұл талапкердің таңдаған мамандығына байланысты.

Сұрақ: «Алтын белгі» иегерлері тегін оқи ала ма?

Жауап: ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысында «Алтын белгі» иегерлеріне мемлекеттік гранттар конкурсына ерекше жеңілдіктер қарастырылмаған. Бірақ кейбір жекеменшік жоғары оқу орындарында «Алтын белгі» иегерлеріне ішкі гранттар мен жеңілдіктер беріледі. Олардың негізінде «Құрмет» белгісі иегерлерінің де тегін оқу мүмкіндігі бар.

Сұрақ: «Алтын белгі» иегерлерінде қандай жеңілдіктер бар?

Жауап: №58 қаулыға сәйкес, «Алтын белгі» иегерлеріне тестілеу балдары басқа талапкердің балдарымен сәйкес келген жағдайда ғана артықшылық беріледі.

Мұндай артықшылықтар:

– техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында мектепті бітіргеннен кейін білімін жалғастырғандар;

– мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс істеген талапкерлер;

– халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалар конкурстарының, спорттық жарыстардың жеңімпаздары;

– Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілгендерде, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларда, жетімдерде, I, II дәрежелі және бала кезінен мүгедектерде;

– үздік білімі туралы құжаттары (куәлігі, аттестаты, дипломы) бар талапкерлерде де бар.

Сұрақ: Мемлекеттік гранттар жоғары оқу орындарында да бөліне ме?

Жауап: Өткен жылдан бастап мемлекеттік білім беру гранттары жеке мамандықтарға емес, білім беру бағдарламаларының топтарына бөлінетін болды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланды.

Бірақ ҚР БҒМ тапсырмасы бойынша мемлекеттік гранттар кейбір жоғары оқу орындарына да бөлінеді. Жоғары оқу орындарының тізбесі 2019-2020 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында көрсетілген. Олардың ішінде:

– Қазақстан-Британ техникалық университеті – 700 грант;

– Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті – 1100 грант;

– Astana IT University – 600 грант;

– Мәскеу авиациялық институтының «Восход» филиалы – 45 грант.

Сұрақ: Мақсатты гранттар дегеніміз не?

Жауап: Мемлекеттік білім гранттарына қарағанда, олар арнайы жоғары оқу орындарына бөлінеді. Мақсатты гранттар ҚР БҒМ тапсырысы бойынша бөлінетіндіктен, бұл грант иегерлеріне шәкіртақы тағайындалады. Талапкер грантқа құжаттарын тапсырған ЖОО-ын ғана таңдай алады.

Грант арнайы ЖОО-ға бөлінетіндіктен, студент басқа ЖОО-на ауысса, грант сақталмайды.

Сұрақ: Көп балалы отбасылардан шыққан талапкерлерге арнайы гранттар бөліне ме?

2 шілдедегі ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов 2019-2020 оқу жылына көп балалы отбасылардан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алатын талапкерлерге қосымша 5000 грант бөлінетінін хабарлады. Қосымша гранттар байқауы 10-25 тамыз аралығында, мемлекеттік білім беру гранттары байқауынан кейін өтеді. Яғни, жоғарыда аталған критерийлерге жататын талапкерлер алдымен негізгі республикалық конкурсқа қатысады. Конкурстан өте алмаған талапкер 5-10 тамызда грантты жеңіп алудың екінші мүмкіндігіне ие болад

Қосымша гранттар әкім гранттарының конкурстық жүйесіне ұқсас бөлінеді. Алдымен гранттар жергілікті атқарушы органдарға беріледі. Гранттар мақсатты болғандықтан, атқарушы органдар өңірлік қажеттіліктерге байланысты нақты мамандықтарға гранттар бөледі және конкурс арқылы грант иелерін айқындайды. Конкурсқа қатысу үшін жалпы ережелерге сәйкес. талапкер ҰБТ-да 50 балл жинауы керек.

Конкурсқа қатысу үшін талапкерлер 5-10 тамыз аралығында жергілікті атқарушы органдарға өтінім беруі тиіс.

Сұрақ: Түлектерге арналған қандай жеңілдіктер бар?

Жауап:

· ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі. Бұл мектеп түлектерінің психологиялық қысымын төмендетеді;

· Өз мамандығы бойынша ақылы негізде оқуға түскісі келетін колледж түлектері ҰБТ-дан босатылады;

· IELTS, TOEFL халықаралық сертификаты бар талапкерлер «шет тілі» курсынан босатылады және оларға автоматты түрде ең жоғары 40 балл беріледі;

· Әрбір түлекке ҰБТ сертификаты және ақпараттық парақ беріледі. Онда білім беру бағдарламалары тобының тізімі, гранттар саны және өткен жылғы конкурс нәтижелері көрсетіледі;

· Өткен жылдан бастап білім беру гранттары мамандықтар бойынша емес, білім беру бағдарламаларының топтары бойынша беріледі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button