Жаңалық

IX Азаматтық форум: Министрлер не айтады?

23-26 қараша аралығында IX Азаматтық форум аясында министрлік басшыларының үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен 12 салалық онлайн-кездесу өткізу жоспарлануда, – деп хабарлайды Ruh.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Қоғамдық ұйымдардың басшыларымен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова, Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров, Қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов кездеседі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, кездесулерді өткізудің мақсаты орталық мемлекеттік органдар басшыларының үкіметтік емес сектор өкілдерімен ашық диалогы болып табылады.

«Форум аясында ҮЕҰ-мен кездесулер өткізу мемлекеттік органдар қызметінің транспаренттілігін және мемлекет іске асыратын бағдарламалар мен бастамалар туралы жұртшылықтың хабардар болуын арттыруға ықпал етеді. ҮЕҰ – мен өзара іс-қимыл мемлекеттік органдарға жедел әрекет етуге және халықтың өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік береді», – деп хабарлады ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахметов.

Кездесулер барысында мемлекет пен азаматтық қоғамның Денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету саласындағы өзара іс-қимылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тиісті ұсынымдар мен бірлескен іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу, Әлеуметтік қамсыздандыру кодексін әзірлеу жөніндегі тәсілдерді қарау және т.б. мәселелерді талқылау жоспарлануда.

Министрлермен кездесу үшін республикалық және өңірлік ҮЕҰ, БАҚ, сараптамалық қоғамдастықтардың, «Адалдық алаңы» жобалық офистерінің өкілдері, арнайы мониторингтік топтар шақырылады.

Кездесулер Facebook https://www.facebook.com/ngogovkz, Youtube: azamattyqforum, Instagram: https://instagram.com/azamattyqqogam.komitet әлеуметтік желілерінде онлайн режимінде көрсетілетін болады.

Форум бағдарламасы және қатысушыларды тіркеу www.azamattyqforum.kz сайтында қол жетімді.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button