Жаңалық

«Үздік қазақ тілді интернет-сайт сыйлығы» байқауы

Интернет жүйесіндегі үздік қазақтілді ресурстарды анықтау мен насихаттау және интернет ресурстардың саны мен сапасын жақсартуға  үлес қосып жүрген отандық қазақтілді сайттарды қолдау мақсатында жыл сайын өткізілетін байқау.

 

Сыйлық 10 номинация бойынша тағайындалады:

 

  •  «Өткір тіл» – қазақ тілін және ұлттық құндылықтарды насихаттайтын үздік сайт;
  •  «Рухани азық» – қазақ әдебиеті мен мәдениетін насихаттайтын үздік сайт;
  •  «Терең ізденіс» – қазақ елінің тарихын насихаттайтын үздік сайт;
  •  «Шынайы өмір» – қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын үздік сайт;
  •  «Спорт тынысы» – салауатты өмір салты мен спортты насихаттайтын үздік сайт;
  •  «Білім бұлағы» – білім беретін үздік сайт;
  •  «Жастар әлемі» – жастарға арналған үздік сайт;
  •  «Аймақ айнасы» – үздік аймақтық сайт;
  •  «Балаларға базарлық» – балаларға арналған үздік сайт;
  •  «Ойын-сауық» – үздік ойын-сауық сайты.

 

Әр номинация бойынша үздік сайтқа 385 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық тапсырылады.

Байқау туралы толық ақпаратты мына сілтемеден таба аласыз.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button