Жаңалық

Акселератордан өткен үздік 20 жоба

«Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының базасында құрылған әлеуметтік жобалар акселераторы өзінің алғашқы жұмыс жылын аяқтады. Акселерация бағдарламасынан толық өткен 20 жоба республикалық деңгейге шығуға дайын.

«Өзгерістердің саруарлары» – қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды үндеулерін халыққа жеткізіп, қоғамды жаңғыртудың трендтерін жасайтын өзгерістер елшілерін дайындауға бағытталған жоба.

Айта кетейік, биыл жыл басында «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының қолға алуымен өз ісін дамытуға мүмкіндігі бар және қоғамда сұранысқа ие ұйымдар үшін әлеуметтік жобалар акселераторы бағдарламасы іске қосылды. Іріктеуге инклюзивті қоғамды дамытуға, жеке және кәсіби біліктіліктілікті арттыруға, туризмді көркейтуге, халықтың экологиялық мәдениетін дұрыс жолға қоюға бағытталған, сонымен қатар, мәдениет, өнер және халық шығармашылығы саласындағы жобаларды біріктіретін қазақстандық жобалар қатысты.

Алдымен жыл басында конкурс өткізіліп, оған қатысуға 120 жоба өтінім берген. Олардың 46-сы үш айлық акселерациядан өтіп, 39-ы арнайы сертификаттарға ие болды. Солардың ішінде 20-сы ғана республикалық көлемде ауқымын кеңейтуге мүмкіндік алып, акселерацияның толық бағдарламасынан өтті. 20 жобаның бесеуі білім беру, тағы бесеуі мәдениет, сегізі инклюзия және екеуі экологиялық бағытын қамтиды.

Үздік деп танылған 20 жобаны акселерация барысында бастан-аяқ сүйемелдеп, коучингтік және командалық менторинг қызметтерін көрсету үшін 14 сарапшы бекітілген. Сондай-ақ, жобалар сарапшылардың авторлық курстарынан құралған 30 сағаттық білім беру бағдарламасынан өтті. Жобалардың ауқымын кеңейтіп, мақсатты аудиторияны құру үшін арнайы сайттар мен CRM-жүйелері әзірленді.

Акселерация қорытындысы бойынша жобалар институттың әдістемелік кеңесінде қорғалатын болады. Сондай-ақ, оларға «Рухани жаңғыру» Бренд-амбассадоры мәртебесін беру және олармен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою мәселесі де қарастырылуда. Ал жуырда ғана өткен әдістемелік кеңеске 4 жоба қатысқан еді:

«Atamnyn Amanaty» – Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық сарбаздарды жүйелі түрде іздестіру жобасы. Жобаның мақсаты – соғыс кезінде жоғалып кеткен 271 мыңнан астам қазақстандық сарбаздың тағдырын анықтау және тарихи жадын қалпына келтіру.

«Altyn Bala» – халықтың осал санаттарындағы әлеуметтік кәсіпкер әйелдерді қолдауға бағытталған жоба. Жоба пандемия кезінде жабылуға мәжбүр болғанымен «Қазақтардың материалдық емес мәдени мұрасы» жобасымен коллаборация жасауының және акселератор сарапшыларының қолдауы арқасында қызметін айтарлықтай кеңейтіп, келесі жылы жаңа бағытта дамуға жоспар жасады. Нақты айтсақ, «Altyn Bala» 2021 жылы елорданың маңында этноауыл жұмысын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

«Акселератордың құндылығы – стратегиялық сессияларды өткізуінде және жобаны масштабтауға дайындауында. Сондай-ақ, мұнда сарапшылар жобаға толығымен беріліп, жоба көшбасшыларымен және топтармен жұмыс жүргізеді. Бүгінде әлеуметтік кәсіпкерлерге трансформация жасау өте қиын. Олар шынымен де қолдауды, әсіресе психологиялық қолдауды қажет етеді.

Біз әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдап қана қоймай, жобаны жүзеге асыру арқылы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының идеяларын да кең аудиторияға жеткізе аламыз», – дейді бағдарлама сарапшыларының бірі, «Әлем әйелдерінің достығы» орталығының жетекшісі Алтынай Тәңірбергенова.

«Open English» жобасы ағылшын тілін оқыту бойынша еріктілер қозғалысын қалыптастырады.

«Біз жоғары сынып оқушыларына авторлық әдістеме бойынша ағылшын тілін үйретеміз. Біздің жобада мансаптық өсу мүмкіндігі бар. Яғни, сіз оқуды жалғастыра отырып, жоба жаттықтырушысы және үйлестірушісі бола аласыз. Осылайша біз жастар үшін жұмыс орындарын құрып жатырмыз. Жобада оқыту жүйесі онлайн түрде өтетіндіктен Қазақстанның барлық өңірлерімен қарым-қатынас орнатуға дайынбыз.

Жыл бойы акселератор сарапшылары бізге тәлімгерлік қолдау көрсетіп, әдістемелік материалдарды әзірлеуге, менеджмент пен PR-сүйемелдеуді реттеуге, франчайзингтік пакетті дайындауға көмектесті, – деді «Зерайна» қоғамдық қорының директоры Милана Әлсабекова.

«NOMAD» әлем халықтарының билері» жобасы – шетелдегі гастрольдерге арналған қазақстандық брендтік ансамбль.

Акселератор бағдарламасының алғашқы жылын қорытындылай келе биыл жобаларды аймақтарға енгізу мәселесінің де қолға алынғанын айта кеткен жөн. Сарапшылар құжаттар пакет

ін, оқыту бағдарламаларын және акселератордың сайтын әзірледі. Saruarlar.kz сайтында жобалар туралы барлық ақпарат, сарапшылар жайлы мағлұматтар және басқа да құнды деректер жинақталған. Сонымен қатар, 2021 жылы конкурс өткізу кезінде жобаларды сайтқа онлайн түрде де тіркеу мүмкіндігі жасалып, әлеуметтік жобаларды қолдау платформасы және бизнеске арналған бейілділік жүйесі әзірленді.

Акселераторды Қазақстанның барлық өңірлеріне масштабтау осы қоғамдастықты айтарлықтай кеңейтуге, өзгерістер көшбасшыларын, өз саласындағы жаңашылдарды біріктіруге және қолдауға мүмкіндік береді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button