Жаңалық

Ақтөбеtravel. 30 жылда не өзгерді?

Қазақстан Республикасының солтүстік-батысында орналасқан Батыс Қазақстан өңіріндегі ірі әкімшілік бірліктерінің бір Ақтөбе облысының табиғатына, халқына, тарихи-мәдени нысандарына шолу:

1. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Ақтөбе облысының орталығы қаншалықты өзгерді? 

Ақтөбе облысы орталығында 1989 жылы 253 532 тұрғын болса, 2019 жылғы санақ бойынша бұл көрсеткіш  497 381-ге жоғарылады.

Сарапшылар 2040 жылы Ақтөбе қаласындағы тұрғындар саны 1 млн-ға жетеді деп болжайды.

2. Тиімді тұтыну –қоғам дамуының маңызды факторларының бірі.

Қазақстандықтарға қаржылық тұрақты, еңбек нарығында сұранысқа ие болуға, өзінің әлеуетін іске асыруға және құбылмалы әлем жағдайында тез әрекет етуге мүмкіндік беретін бірқатар ұтымды дағдыларды қалыптастыруға бастайтын «Үнем – қоғам қуаты» арнайы жобасы іске қосылды.

Халық арасында экологиялық мәдениетті қалай қалыптастырамыз? Қала тұрғындары өмір салтында қаншалықты үнемшілдік танытады? Осы сынды сұрақтарға Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығы жауап іздеп көрген-ді. Нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз.

3. Ел дамуының бірден-бір қозғаушы факторы – жастар. Білімді де білікті жас – жарқын болашақ кепілі. Осындай жастардың қанатын қатайтатын Ақтөбе облысында келесі ЖОО-дары бар:

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университеті

М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті

С.Баишев атындағы Ақтөбе университеті

Қазақ-Орыс халықаралық университеті

 

Басқа материалдар

Back to top button