Жаңалық

Қазақ ғалымы ең қуатты батарея ойлап тапты

5 есе ұзақ жұмыс істейтін, адамдар мен экология үшін қауіпсіз және стандартты батареяларға қарағанда орташа есеппен 30% арзан батарея ойлап табуға болар еді ғой?!.

Бұл іске асқан жоба. Аталмыш жаңалықты 17 жыл бойы Токио технологиялық университетінде, Канададағы Ватерлоо университетінде және Назарбаев Университетінде литий-күкірт аккумуляторларын зерттеумен айналысып келе жатқан отандасымыз Жұмабай Бакенов ашты.

Ғалым жаңа форматтағы аккумулятор жасап, тіпті қазақстандық және қытайлық компаниялардан шағын партияларды дайындауға тапсырыс алып та үлгерді.

«Біз барлық аккумуляторларда жиі қолданылатын улы ауыр металдарды (кобальт, марганец, қорғасын) экологиялық тұрғыдан қауіпсіз материал – күкіртпен алмастырдық. Батареяларда екі электрод бар – анод және катод, олардың арасында орналасқан қабат – сепаратор. Кәдімгі литий-ионды аккумуляторлардағыдай, біз графитті анод ретінде қолданамыз, бірақ литий оған қауіпсіз түрде қосылып, күкірт катод ретінде қолданылатын әдісті жасай алдық. Бұл біздің батареяларымызға барлық қол жетімді қасиеттерді сақтауға, экологиялық таза болуға, сыйымдылықты 5 есе арттыруға және бағасының арзан болуына мүмкіндік берді», – дейді Жұмабай Бакенов.

2013 жылы Жұмабай Бекболатұлы Назарбаев университетінің Химиялық инженерия профессоры, батареялар институтының негізін қалаушы, техника ғылымдарының докторы (Жапония), химия ғылымдары саласындағы PhD (Қазақ Ұлттық Ғылым академиясы), литий-күкірт аккумуляторларының пилоттық нұсқасын зерттеуге және шығаруға Дүниежүзілік банк пен ҚР Үкіметінің коммерцияландыру бағдарламасы бойынша ($1,5 млн) грант жеңіп алды. Содан соң «Аккумуляторлар институты» ЖШС – жаңа типтегі аккумуляторларды зерттеумен айналысатын шағын зертханасын ашты

Жұмабай Бакенов жақын арада жоғары сапалы технологиялық жобалар халықаралық және қазақстандық патенттерге ие болып, коммерцияландыру бойынша жоспарларды іске асыра алады деп үміттенеді.

Айтпақшы, ғалым өзінің технологиясын сатуға дайын екенін жасырмайды, оны шамамен 15 миллион долларға бағалап отыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button