Жаңалық

Ақтөбе облысының жеті кереметі

Күні кеше оқырманға Ақтөбе облысы орталығының тәуелсіздік жылдары қалай өзгергені жайлы, білім ошақтары туралы дайындалған материал ұсынған едік. ҚазақTravel-дің келесі санын Ақтөбе облысының табиғатына арнамақпыз. 

1. Асанқожа қорымы – XVII-XX ғасырларға тән тарихи ескерткіштер кешені. Қорым Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылынан Оңтүстік-батысқа қарай 50 шақырым қашықтықта, Жем өңірінде орналасқан.

 

Асанқожа қорымы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қамқорлығына алынған.

 

 

2. Облыстың мемлекеттік, халықаралық деңгейде жоғары бағаланатын 5 табиғи байлығы туралы:

 

2.1 Айдарлыаша – Хромтау ауданының территориясында 350 млн. жыл бұрын өткен карбон кезеңінің соңы мен пермь кезеңінің басындағы ежелгі жануарлар мен өсімдіктердің таңбалары сақталған халықаралық геологиялық ескерткіш.

 

Айдарлыаша геологиялық қимасы Ақтөбе қаласынан 50 шақырым қашықтықтағы Айдарлыаша өзенінің оң жағындағы жартаста орналасқан.

 

esk3.jpg

 

2.2 Жаманшың метеориттік кратері – Ақтөбе облысының Ырғыз ауылынан оңтүстікке қарай 50 шақырым қашықтықта орналасқан, жерге метеориттің құлауы нәтижесінде пайда болған дүние жүзінде теңдесі жоқ, бірегей табиғи ғарыштық объект.

 

Жаманшың

 

2.3 Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты – Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында орналасқан, киік санын көбейту мақсатында құрылған мелекеттік резерват.

 

2007 жылы Ырғыз-Торғай резерватында 7 мыңға жуық киік болған. Қазіргі кезде киік саны 45 мыңға жетті.

 

Ырғыз-Торғай резерваты

 

2.4 Ақтолағай қырқасы – Орал алды үстіртінің оңтүстік-батысындағы қырқалы тау сілемі. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерінде орналасқан. Сағыз бен Жем өзендері аралығында солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай 90 км-ге созылып жатыр, ені 5 – 10 км, ең биік жері – Қияқты тауы (217 м).

 

Ақтолағай қырқасы

 

2.5 Қарғалы су қоймасы облыс орталығынан 58 шақырым жерде, Жақсы Қарғалы аңғарында орналасқан. Жанынан Ақтөбе-Орск тас жолы өтеді. Қарғалы су қоймасының ұзындығы – 13,7 шақырым, ені – 3 шақырым. Су аймағының ауданы 28,5 шаршы шақырымды құрайды.

 

Қарғалы су қоймасы.jpg

 

3. Ұмыт болған ұлттық асты дайындайтын, дұрыс дайындау білетін, салтын сақтаған аналарымыз бар. Ақтөбе облысының тұрғыны дайындаған «жаужүрек» тағамы туралы бейнеконтентті назарларыңызға ұсынамыз.

 

«Жаужүрек» тағамы – адамның бойындағы күш-қуатын арттырып, батылдық гормонының бөлінуін қамтамасыз етеді.

 

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button