Жаңалық

BBC World News сайтында Қазақстан жарнамасы жарияланды

 

Роликтің Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орайластырылып жасалғаны белгілі.

Kazakhstan. Towards new horizons (Қазақстан – жаңа белестерге қарай) ролигінің жарнама науқаны BBC World News телеарнасында екі күн бұрын басталды, деп хабарлайды DalaInform.

BBC Global News-тің Еуразиядағы коммерциялық өкілдіктерінің басшысы Сергей Становкин өзінің Facebook парақшасында: «BBC World News телеарнасында «Қазақстан – жаңа белестерге қарай» жарнамалық науқаны басталды. Бүкіл әлем бойынша жүздеген миллион адам келесі жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуге дайындалып жатқан заманауи және серпінді Қазақстанды көре алады», – деп жазды.

Оның айтуынша, Kazakhstan. Towards new horizons ролигін британдық DARS FILMS студиясының шығармашылық тобын дайындаған. Студия біздің еліміз туралы бірнеше жыл бойы бейнероликтер дайындап келген. Осы жылдың өзінде шетелдік студия портфолиосы ҚР туралы жоғарыдағы бейнебаянды қоса алғанда, 12 роликпен толықтырылған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button