Жаңалық

Қазақстанның ең үздік ғылыми университеті анықталды

Clarivate компаниясы Web of Science Award «Ғылым көшбасшысы-2020» дәстүрлі тәуелсіз байқау қорытындысын жариялады, – деп хабарлайды Ruh.kz. 

Алғаш рет ғалымдар, университеттер мен ғылыми ұйымдар бірнеше жаңа номинациялар бойынша марапаттарға ие болды. Бұл туралы Торайғыров университетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Биылғы жылы Қазақстан Республикасының 15 зерттеушісі мен 17 ұйымы беделді марапатқа ие болды.

«Рейтингте біздің ЖОО ғалымдарының энергетика, археология, биология, генетика, филология саласындағы ғылыми жұмыстары атап өтілді. Университет ғалымдарын бұл жетістігімен құттықтаймын. Олардың қосқан үлесі біздің аймақтың инновациялық дамуына ықпал ететініне сенімдімін», – деп атап өтті С. Торайғыров атындағы университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Нұрлан Ержанов.

Торайғыров университеті өңірлік университеттер арасында жариялау белсенділігі бойынша көшбасшылар қатарынан табылды. Web of Science Core Collection шорт-парағы индекстелетін жарияланымдарға негізделді.

Web of Science қолжетімділігінің және халықаралық зерттеу процесіне интеграциялануының арқасында Қазақстан Халықаралық ғылыми қоғамдастық үшін өзінің ғылыми зерттеулерінің индексін алты есе арттырып, Орталық Азия өңірі мемлекеттері арасында ғылыми жарияланымдар саласында көшбасшы бастады.

ЖОО ғалымдары ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың тапсырыстары бойынша ғылыми жұмыстарды орындауға белсенді қатысады. Осы ғылыми зерттеулердің нәтижелері ЖОО-ға жарияланымдық белсенділік рейтингісінде жоғары позицияларды алуға мүмкіндік берген жарияланымдарда көрсетілген.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button