Жаңалық

«Жетіасар» галереясындағы онлайн көрме

Орталық Ланкашир университетімен (Ұлыбритания) бірлесе ұйымдастырылған онлайн көрме өтті. 

Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Орталық Ланкашир университетімен (Ұлыбритания) бірлесе отырып, «Жетіасар» галереясында ұлттық нақыштағы шығармашылық онлайн-көрме өткізді.

Көрмені университеттің Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры, С. Бейсенбаев ашты. Көрмеге студенттер мен оқытушылардың кескіндеме, сәндік өнер және киім дизайны саласындағы шығармашылық жұмыстары қойылды.

Көрме жұмысын «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы Ш. Рсмаханбетова таныстырды

Көрме жұмысын ТМД елдері мен алыс шетелдерден жүзден астам қатысушы онлайн тамашалады.

Орталық Ланкашир мемлекеттік университеті 1828 жылы құрылып, Ланкашир графтығының Престон қаласында орналасқан.

2020 жылдың қазан айында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Орталық Ланкашир университеті арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, оның мақсаты ғылым мен білімнің басым бағыттары бойынша ынтымақтастық қатынас орнату еді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button