Жаңалық

Корпоративтік волонтерлік деген не?

Ұлттық волонтерлік желі корпоративтік волонтерліктің оң тәжірибелерін зерттеу бойынша қорытынды конференциясын өткізді. 

Корпоративтік волонтерлік қызмет – компанияның өзі де, сол сияқты бөгде үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ), өзге де институттар ұйымдастыратын қоғамдық пайдалы мақсатқа бағытталған әлеуметтік іс-шараларға қызметкерлерді ерікті негізде тарту.

Корпоративтік волонтерлік – ұйым қызметкерлерінің өз компаниясының қолдауымен түрлі әлеуметтік бағдарламаларға ерікті түрде қатысуы.

Аталған зерттеудің мақсаты Қазақстанда корпоративтік волонтерлікті дамытудың оң тәжірибелерін зерделеу болып табылады.

8 ай ішінде Ұлттық волонтерлік желі Қазақстан компаниялары арасында корпоративтік волонтерліктің үздік тәжірибелерін зерттеді. Зерттеуге корпоративтік волонтерлікті дамытуға қатысы бар 100-ден астам түрлі компания қатысты. Сауалнамаға 400 корпоративтік волонтер, 70 ҮЕҰ өкілдері және корпоративтік волонтерлікке жетекшілік ететін 30-дан астам басшы қатысты. Бұл қызметке негізінен ірі бизнес өкілдері тартылғаны анықталды. Шағын және орта бизнес іс жүзінде тартылмаған.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында ЗТБ «Ұлттық волонтерлік желісінің» ұйымдастыруымен өткен конференцияда:

1. «ТЖ және экологиялық бағыттар корпоративтік волонтерлікте»

2. «Корпоративтік волонтерліктегі әлеуметтік бағыт»

3. «Холдингте корпоративтік мәдениетті (корпоративтік волонтерлікті) дамыту» сессиялық залдары ұсынылды.

«Осы жоба аясында Қазақстанның Корпоративтік волонтерлікті дамытуда қандай кезеңде тұрғанын және келесі сапалы деңгейге өтуі үшін қандай қадамдар қажет екенін түсінуге көмектесетін баяндама дайындалды.

Зерттеудің қорытындылары мен ұсынымдары мүдделі тұлғаларға пайдалы болады деп ойлаймын. Өйткені бірлескен күш – корпоративтік волонтерлікті дамытуға және Қазақстандағы волонтерліктің жаңа деңгейіне қол жеткізуге ықпал етеді» – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button