Жаңалық

Фотоөнердің креативті техникасын үйрететін ақысыз курстар өткізілуде

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты Ruh.kz ақпараттық порталымен бірлесе отырып, мобильді фотосуреттер бойынша ақысыз курстар өткізуде.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кәсіби фотографтардан құралған шығармашылық топ әлеуметтік желілер үшін визуалды контент құрудың ерекшеліктері туралы, фотоөнердің креативті құралдары және түстер үйлесімінің негіздері жайлы айтады. Сондай-ақ, ұялы телефон камерасымен жұмыс істеу технологиясы мен тәжірибесі туралы шеберлік сабақтарын өткізеді.

Аталмыш жоба қатысушыларға ыңғайлы, заманауи және визуализацияның тиімді құралдарын ұсынып, шығармашылық және креативті ойлауды дамытуға бағытталған. Жобаға қатысуға шамамен 200 адам ұсыныс білдірді: жаңадан бастаған фотограф мамандары, кәсіпкерлер және шығармашылық адамдар.

«Бүгін керемет кадрлар жинау үшін кәсіби фотоаппараттың болуы міндетті емес: мобильді телефон болса жеткілікті. Алайда бір ғана техникалық бөлік маңызды рөл атқармайды. Кадрды көріп, оны сезе білу қажет. Блогерлердің Instagram парақшаларын дәл осы қасиет жеке-дара өнер түрі етіп ерекшелейді», – дейді ұйымдастырушылар.

Оқу онлайн форматта өтеді.

Курсқа қатысушылардың үздік жұмыстары Ruh.kz сайты мен

www.instagram.com/kior.kz/,

www.instagram.com/ruh_qz/,

www.facebook.com/KIOR.KZ

және www.facebook.com/ruhani.kz секілді әлеуметтік желідегі танымал парақшаларда жарияланады.

Басқа материалдар

Back to top button