Жаңалық

«Алматы аруы – 2020» байқауының жеңімпазы анықталды

Жыл сайынғы байқауда биыл 20 жастағы ару – Асият Исембаева жеңіске жетті.

«Алматы аруы-2020» номинациясының жеңімпазы атанған бойжеткен 2021 жылы өтетін «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының финалына ару қала – Алматы атынан өнер көрсетеді. Сондай-ақ республика көлемінде өтетін байқауға үш вице-мисс қатысады.

Байқау барысында көрермендер көзайымы жүлдесі бойынша да дауыс беру жарияланды. Қорытындыға сәйкес, Александра Розанова «People’s choice» титулына ие болды.

Жеңімпаздарды Іле Алатауының бөктеріндегі көрікті жерде орналасқан төбе – Көк-Төбеде көрермендердің қатысуынсыз марапаттады. Қазылар алқасының мүшелері: «Алматы аруы-2020» байқауының директоры Совет Сейітов, әнші Айжан Нұрмағамбетова, «Алматы аруы-2019» байқауының директоры Диана Әбішева және т.б.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button