Жаңалық

ҚарағандыTravel. 30 жылда не өзгерді?

Жаңа аптаны еліміздегі жер көлемі бойынша ең үлкен облыс – Қарағандыға арнадық.

1. Соңғы 30 жыл Қарағандыны қалай өзгертті?

Қарағанды облысы Қазақстанның орталығында орналасқан. ОрталығыҚарағанды қаласы. 2019 жылғы халық санағы бойынша тұрғындар саны 496 701 адамды құраған. Ал қала аумағында шамамен 110-нан ұлт өкілдері бар.

Қарағанды темір жол вокзалы

Қарағанды циркі

«Шахтер» стадионы

Орталық саябақ

Кеншілер мәдениет сарайы

Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайы

«Қазақстан» қонақ үйі

«Юбилейный» дүкені

«Қарағанды» қонақ үйі

Нұркен Әбдіров даңғылы

2. Қарағанды облысы республиканың минералды-шикізат кешенінде маңызды орын алады.

Қарағандыда көмір өңдіретін ірі кәсіпорындар, машина жасау, металл өңдеу және тамақ өнеркәсібі жұмыс істейді. «Қарағанды» деп сонда өсетін кішкене ағаштардың тұқымы – қарағанға байланысты атаған. ХІХ ғасырда қаланың орнында ешнәрсе болмаған. 1833 жылы көмірді алғаш рет Аппақ Байжанов есімді малшы бала тапқан. ХІХ ғасырдың аяғында орыс көпестері, содан кейін француздар мен ағылшын кәсіпкерлері көмірді өндіре бастаған.

3. Облыста мәдениет пен өнер ұйымдарының кең ауқымды жүйесі жұмыс істейді.

Қала аумағында 50-ден астам тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Олар: Кеншілердің мәдениет сарайы, Н. Әбдіров атындағы Спорт сарайы, «Чайка» қонақ үйі, цирк ғимараты, «Шахтер» стадионы, Н. Әбдіров, Бұқар жырау, Ғ. Мұстафин, А. Байжанов ескерткіштері, «Шахтер Даңқы», «Мәңгі алау» әскери даңқы, Ауғанстанда қайтыс болған жауынгер қарағандылықтар құрметіне арналған сәулет-мемориалдық ансамблі және т.б.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button