Жаңалық

Қазақстандық өнерпаз халықаралық байқауда 2-орынды иеленді

Халықаралық ән байқауы Польша мемлекетінде өтті. Алайда қатысушылар онлайн форматта өнер көрсетті. Жас әнші конкурста «Forever» («Мәңгілік») атты әнді орындады.

Жерлесіміз қорытынды есеп бойынша, 152 ұпай жинады. Ал бас жүлдені франциялық әнші алса, үшінші орын испаниялық өнерпазға бұйырды. Жалпы жарысқа Нидерланды, Беларусь, Грузия, Украина, Мальта, Польша, Ресей, Сербия, Германия секілді әлемнің бірқатар елінен жас таланттар қатысты.

Еске сала кетейік, Қазақстан бұл аталмыш байқауға 2018 жылдан бері қатысып келеді. 2018 жылы еліміздің атынан Данелия Тулешова қатысып, 6-орынды иеленді. Ал былтыр Ержан Максим 2-орынды қанжығасына байлады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button