Жаңалық

Түркістандағы шаруа қожалығы 2200 тонна алма өнімін жинаған

Қожалық төрағасы Бейбіт Төлешовтың айтуынша, нәтижелі еңбектің арқасында биыл мол өнімге қол жеткізген. Сондықтан, кәсіпкер аудандағы «Жылдың үздік шаруа қожалығы» номинациясына лайықты деп танылған.
Кәсібі өркендеген шаруашылық қарамағында 260 гектар алма, 15 гектар қара өрік бауы және 2000 тонна қыс мезгілінде жеміс-жидек сақтауға арналған қойма бар. Қазіргі таңда бау-бақшадан 2200 тонна алма және 300 тонна қара өрік жиналған. Әр гектарынан өнімділік көрсеткішім – алма 146, ал қара өрік 200 центнер.

Қожалықта алма бау көлемін ұлғайту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, биылғы жылы 15 гектарға қарқынды бау отырғызылған. Кәсіпкер бүгінде 35 адамды тұрақты жұмыспен қамтыса, маусым кезінде еңбекке 150 адамға дейін жұмылдырылады.
Сонымен қатар, кәсіпкер қайырымдылық шараларға белсенді атсалысады. Атап айтсақ, жомарт жан пандемияның екінші толқынына дайындық кезінде орталық ауруханаға екі дана жасанды тыныс алу апараты мен бау-бақшасының бір күндік терілген 300 келі алмасын дәрігерлер мен медбикелерге таратқан.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Басқа материалдар

Back to top button