Жаңалық

Маңғыстауда мәдениет үйіне Фариза Оңғарсынованың есімі берілді

ҚР Үкімет басшысы Асқар Маминнің Қаулысымен Маңғыстау облысында екі нысанға қоғам қайраткерлерінің есімдері берілді, деп хабарлайды Ruh.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Премьер-Министрдің Қаулысымен:

– Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Маңғыстау аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шоқыр Бөлтекұлының есімі берілсін.

– Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мұнайлы аудандық орталық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Фариза Оңғарсынова атындағы аудандық орталық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button