Жаңалық

IT-кітапханалар бойынша бір айлық шара өз жұмысын бастады

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана NFOMONTH-2020 «Заманауи әлемдегі IT-кітапханалар» атты бір айлық іс-шара жұмыстарын бастап кетті.

Бір ай бойы кітапхана қызметкерлері онлайн экскурсиялар мен тақырыптық шолулар, виртуалды көрмелер, бейнероликтер, электрондық кітапханалардың құрылу тарихы мен әлем және Қазақстандағы электрондық кітапханаларының жұмысы туралы онлайн презентациялар, оқырмандарға қолжетімді тегін электрондық ресурстар, сондай-ақ кітап сүйер қауымға арналған қосымшалармен таныстырады. Қорытынды құжат ретінде «Әлемнің IT-кітапханалары» анықтамалығын дайындау және басып шығару жоспарға алынып отыр.

Іс-шараға электронды кітапханаларды құру және қолдану саласындағы жетекші мамандар, Қазақстанның республикалық, облыстық, қалалық және жоғары оқу орындары мен мектеп кітапханаларының басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Аталмыш іс-шара 3 және 30 желтоқсан аралығында өтеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button