Жаңалық

Мемқызметкерлер арасында кіші футболдан жарыс өтті

Түркістан облысының мемлекеттік қызметкерлері ұдайы спортпен шұғылданып, салауатты өмірді ұстанады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен  Түркістан облысы əкімдігі мен облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының ұйымдастыруымен кіші футболдан мемлекеттік қызметкерлер арасында қысқы біріншілік бастау алды, – деп хабарлайды Ruh.kz Түркістан облысы әкімінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірдің барлық департамент, басқарма қызметкерлері арасында 16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні мерекесіне орай, 16 команда жинақталып, өзара мықтыларды анықтады. Әр командада 5 адамнан қатысты. Шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

 

Жасыл алаңға шыққан 100-ге жуық мемлекеттік қызметшілер өздерінің спортта да осал емес екендіктерін көрсетті. Сайысқа қатысушылар арасында барлық сақтық шаралары қатаң сақталған. 4 бірдей ашық алаңда қатар өткен жарыс қорытындысымен, қатысушылар ақтық сайыста кездесті. Айта кетейік, облыс аумағында дәл осындай 100-ден астам ашық футбол алаңшалары салынған.

 

Бас жүлдені өздерінің бірліктерінің арқасында жеңіс тұғырынан көрінген Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының құрама командасы жеңіп алса,  күміс жүлдені  облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік  бағдарламалар басқармасы қызметкерлері иеленді.  Ал, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының командасы қола жүлдегер атанды. Жеңімпаз командаларға 10 медальдан табысталды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button