Жаңалық

Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық әлемінде

Елбасымыз «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасының жас ұрпаққа рөлі зор екенін атап өтті.

Арнайы жобаның мақсаты – үздік әлемдік үлгілер бойынша студенттердің мемлекеттік тілде гуманитарлық білім алуына жағдай жасау. Осындай мақсатпен Павлодар қаласының №26 жалпы орта білім беру мектебінде «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық әлемінде» атты ақпараттық сағаты өтті. Іс-шара 10-11 сынып оқушыларына арнап ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылды.

Мектеп кітапханашысы Ольга Ерменкованың айтуынша:

– Іс-шара барысында арнайы жоба туралы ақпараттық парақтар, «Рухани жаңғыру кітапханасы» виртуалды кітап көрмесі және «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық әлемінде» презентациясы көрсетілді. Кітап көрмесінде «Дипломатия», «Эстетика», «Интеллектуалдық меншік құқығы» және «Тарихи білім тарихы» оқулықтары талқыланды.

Айта кететін жайт, жоба аясында тарих, философия, әлеуметтану, психология, антропология, мәдениеттану, дінтану, лингвистика, инновация, медиа, экономика және кәсіпкерлік салалары бойынша танымал оқулықтар қазақ тіліне аударылып жатыр. Бүгінгі күнге дейін  Ұлттық аударма бюросымен қазақ тіліне 77 оқулық аударылды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button