Жаңалық

Қазақстан мен Швеция Корольдігі онлайн конференция өткізді

5 желтоқсан күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшілігімен бірлесіп, бейнеконференция форматында «Абай оқулары» онлайн іс-шарасын өткізді, – деп хабарлайды Ruh.kz ҚР ҰАК Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақ философы мен ағартушысының 175 жылдық мерейтойына арналған онлайн іс-шара Қазақстан мен Швеция Корольдігінің қатысушыларын және екі елдің академиялық топтары мен шығармашылық зиялы қауым өкілдерін біріктірді.

Аталмыш шараға Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов және Швеция Корольдігіндегі қазақтар Жастар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Абай Құнанбаевтың шығармалары қазақ және әлем әдебиетінің классикасына айналды. Ұлы қазақ классигі шығармашылығының ең жарқын шығармаларының бірі – қара сөздері. Ол 45 қысқа астарлы әңгімеден немесе философиялық трактаттардан тұрады.

«Қара сөздер» – бұл оқырмандарға диалог, ақыл-ойы мен қайғы-қасіреттің жүрегінің өзіндік жемісі және халықтың тағдыры аясында жеке адамның өмір философиясы сияқты үндеу ретінде саналады. Әлемнің көптеген тілдеріне аударылған, енді тұңғыш рет словак оқырмандары үшін қолжетімді. Словак жұрты дана ақынның еңбектері арқылы қазақ халқының рухани байлығы мен мәдениетін тани алады.

Басқа материалдар

Back to top button