Жаңалық

«Балаларға арналған үздік шығарма» байқауының жеңімпаздары анықталды

Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ғимаратында «Балаларға арналған үздік шығарма» байқауы қорытындыланды, – деп хабарлайды Ruh.kz kazgazeta.kz сайтына сілтеме жасап.

Балалар қаламгерлерін қолдау және балалар әдебиетін дамыту мақсатында үш ай бұрын жарияланған байқауға 200-ден астам автордың 300-ге жуық шығармасы қабылданды.

«Балаларға арналған үздік шығарма» байқауының 1-орын жеңімпаздарын құттықтау үшін арнайы Нұр-Сұлтан қаласынан Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Айнұр Мырзабекова қатысып, ҚР Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатын табыстады.

Сонымен қатар, бүгінгі шараға Сарапшы комиссия төрағасы, ақын Бауыржан Жақып қатысып, байқау туралы сөз сөйледі.

«Бұл байқаудың бағыты да, мән-мазмұны да ерекше болды. Қатысушылар санымен де айрықша бағалауға болады. Соңғы жылдары балалар шығармасы бойынша өткен байқаулардың алдыңғы қатарында дәл осы бәйгенің болары анық», – деді ол. 

«Балаларға арналған үздік шығарма» байқауының 1-орын иегеріне 200 мың, 2-орынға 100 мың және 3-орын жеңімпаздарына 50 мың теңгеден тасбысталды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button