Жаңалық

Түркістанда 8 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеевтің тапсырмасымен Түркістан қаласының аумағын көгалдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде, – деп хабарлайды Ruh.kz Түркістан облысы әкімінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағаш көшеттері отырғызылатын жерлер аудан, қала әкімдіктері мен басқармаларға 32 секторға бөлініп берілген. Соның ішіндегі 16-сектор Келес ауданына тиесілі.

Осы іске жауапты аудан әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаевтың сөзінше, келестіктер 8 200 ағаш отырғызып, жоспардағы жұмыстың 70 пайызын орындап үлгерген.

«Түркістан аймағын көгалдандырып, абаттандыруға ауданнан 8 техника мен 200-ге жуық азамат атсалысуға келді. Қазір өзімізге бекітілген сектор аумағындағы барлық көшелерді тазалап, құнарлы топырақты төсеудеміз. Қатты жерді жұмсартуда техниканың күшін де пайдаланып жатырмыз. Көшеттерді суару мақсатында тамшылатып суару әдісі қолданылады. Ол үшін тиісті құрал-жабдықтар жеткізіліп, арнайы ұңғымалар қазылды», – деді А. Сексенбаев.

Бұдан бөлек, Келес ауданына қосымша трансформатор орнату жұмысы да жүктелген. Жақын күндері облыс басшысы берген тапсырманы толығымен аяқтау жоспарлануда.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button