Жаңалық

Халықаралық журналистер байқауының жеңімпаздары анықталды

2020 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында өткізілетін «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» халықаралық шығармашылық байқауының қатысушыларын онлайн марапаттау салтанаты өтті, – деп хабарлайды Ruh.kz порталы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» байқауы 2016 жылдан бастап тәуелсіздік жылдарында еліміздің қол жеткізген жетістіктері мен «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын кеңінен тарату мақсатында өткізіледі.

«Байқауға қатысушы елдер күннен-күнге артып келеді. Өзбекстан, Украина және Моңғолия елдерінің журналистері өте қызықты жазбалар әзірлеген. Тәуелсіздігіміздің өзекті мәселелері мен Елбасының егеменді ел құрудағы рөліне халықаралық БАҚ ерекше қызығушылық танытып отыр. Осы сәтті пайдаланып, журналистердің адал еңбегін атап өткеніміз жөн болар», –деп атап өтті Ә.Марғұланұлы.

Халықаралық байқауда ұсынылған номинациялар:

1.    «Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым»;

2.    «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»;

3.    «Үздік телевизиялық материал»;

4.    «Үздік радиоматериал»;

5.    «Ғаламтор БАҚ-ғы үздік жарияланым».

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button