Жаңалық

Түркістанда отандық жиһаз шығаратын цех жұмыс істейді

Түркістан облысы Төлеби ауданында жұмсақ жиһаз жасайтын цех жұмыс істейді, – деп хабарлайды Ruh.kz порталы Түркістан облысы әкімінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандық өнім өндіруші шағын кәсіпорын жұмысын биыл бастаған. Кәсіп иесінің айтуынша, аз уақыттың ішінде орындық пен үстел бұйымдарына деген сұраныс едәуір артқан.

«Қажетті шикізат Ресей елiнен және Алматы қаласынан тасымалданады. Дайын өнімдер Шымкент, Қызылорда, Алматы қалаларына сатылымға шығарылады. Алдағы уақытта өндіріс көлемін көбейтiп, жұмыс орны санын арттыру жоспарда бар», – дейді «Меруерт» ЖК басшысы А. Нарбеков.

Киелітас ауылдық округінде орналасқан цехта 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жұмысшылардың орташа жалақысы 70-100 мың теңге аралығында. Айта кетерлігі, өнімдердің көтерме бағасы 25 мыңнан басталады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button