Жаңалық

«Әлем жауынгері» сайысында 1 орынды иеленген қазақ қызы

Болмысынан нәзік жандар қауымы бүгінде Қарулы Күштер қатарында аз емес, өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындап, әскери мамандықты табысты меңгеріп жүр. Солардың бірі – иығына погон таққан, әскери борышын ерлермен қатар орындап, ел іргесіне берік қорған бола алатын, отбасы құндылықтарын ту ететін білікті әскери қызметкерлер санатында жүрген кіші сержант Әйгерім Қалиева, – деп хабарлайды Ruh.kz порталы Шымкент қаласы гарнизонының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйгерім Қалиева бүгінде Шымкент гарнизонындағы әскери бөлімде келісімшарт бойынша қызмет етуде.

Өмірін әскери саламен байланыстырған арулардың бірі Түркістан облысы, Ордабасы ауданында дүниеге келген. 2013 жылы Шымкент қаласындағы Қазақстан Халықтар Достығы университетіннің «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» жоғарғы мамандығы бойынша білім алған.

WhatsApp Image 2020-12-11 at 11.18.52 (1).jpeg

Әскери қызмет өткеру жағдайлары қаншалықты қиын болса да, Әйгерім кез келген уақытта өзінің отан алдындағы борышын абыроймен атқаруда. 2017 және 2018 жылдары Армия халықаралық ойындарының «Әскери медициналық эстафетасы» сайысында Қарулы Күштеріміздің іріктеуінен өтіп, Ресей Федерациясы Санкт-Петербург қаласында еліміздің абыройын асқақтатып, қыздар командасы арасында 2-ші және 3-ші орындарды иеленген. Жеке аталымда «Үздік қатысушы» медалімен марапатталған. 2019 жылғы Өзбекстанда өткен Армия халықаралық ойындарының сайысында қыздар арасында жалпы командамен 2-ші орын иеленіп, екінші рет «Үздік қатысушы» атанған.

2020 жылы қаңтар айында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығынының «Әлем жауынгері» және «Әскери медициналық эстафетасы» сайыстарының іріктеулерінен 1-ші орын иеленіп, «Шебер» сайысының үздігі атанған.

Мамандықтың бәрі жақсы. «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген даналық бар. Осындай өзінің жеке өмірімен, әскери өмірді қатар алып жүрген аруымызға қызметте сәттілік тілеп, алар асулары көп болсын дейміз.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button