Сұхбат

Қазақстанда гендерлік теңдік қаншалықты маңызға ие?

ҚР Президентінің 2016 жылғы жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы принциптерінің бірі гендерлік өзін-өзі тануды қалыптастыру және қоғамдағы гендерлік стереотиптерді жою болып табылады.

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы аясында «Киноға гендерлік стереотиптерді трансформациялаудың дұрыс тәсілдерін әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар дайындаған еді. Осы орайда, Отбасы институтын зерттеу орталығының басшысы, э.ғ.к., доцент Айгүл Ракишева мен Отбасы институтын зерттеу орталығының сарапшысы Ақнұр Иманқұлдан сұқбат алған едік. Мархабат!

Ruh.kz: Сәлеметсіздер ме! Қазақстанда гендерлік теңдік тақырыбы қаншалықты өзекті деп ойлайсыз?

Айгүл Ракишева: Сәлеметсіз бе! Әрине, Қазақстанда гендерлік теңдік мәселесі өте өзекті. Соңғы кезде дүние жүзінде гендерлік теңдік мәселелері жиі сөз болып келеді. Көптеген елдер гендерлік теңдікті анықтау үшін әртүрлі халықаралық рейтингтілерді қолданады. Қазақстан Республикасы осындай рейтингілерге, оның ішінде Дүниежүзілік экономикалық форум (World Economic Forum) келтірген Гендерлік алшақтық индексі (The Global Gender Gap Index) бойынша рейтингіге де қатысады. Гендерлік теңдік экономикалық қатысым және мансапқа жету мүмкіндіктері; білім деңгейі; денсаулық және өмір сүру ұзақтығы; саяси құқық және мүмкіндіктер сияқты 4 негізгі саладағы 14 әртүрлі көрсеткіш бойынша өлшенеді.

2020 жылы рейтингіге 153 ел қатысты. Қазақстан бұл жылы теріс серпін көрсетті,
2014 жылмен салыстырғанда 29 жайғасымға түсіп, 72-ші орынды иеленді. Бұл біздің елде гендерлік мәселені шешуде белгілі бір сын-қатерлердің бар екендігін білдіреді.

Қазақстанның отбасы саясаты бағыттарының бірі гендерлік өзіндік сана-сезімнің қалыптасуы мен қоғамдағы гендерлік таптаурынды жою болып табылатынын атап өткен жөн. Аталған мәселенің өзектілігін ескере отырып, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасы бойынша 2020 жылы кинодағы гендерлік таптаурынды зерделеу бойынша талдау жүргізді. Аталған зерттеудің мақсаты соңғы 10 жыл ішіндегі кино саласындағы өнімдердің гендерлік таптаурын мәніне талдау жасау және әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу болды.

Ақнұр Иманқұл: Сәлеметсіз бе! Зерттеу аясында кинематография саласындағы мамандармен 30 сараптамалық сұхбат жүргізілді. Олардың ішінде режиссерлер, актерлер, дыбыс режиссерлері, кино сыншылары, продюсерлер, гендерлік зерттеулермен айналысатын немесе тек кинодағы гендерлік стереотиптер мәселесіне назар аударатын әртүрлі саладағы ғалымдар бар.

аа.jpeg

Зерттеу көрсеткендей, отандық кинодағы өзекті мәселелердің бірі – әйелдердің стереотиптік ұсынылуы. Сұхбат барысында сарапшылардың пікірі екіге бөлінді: сарапшылардың бір тобы кинода патриархалдық гендерлік тәртіп көрсетіледі деп есептейді, ал екінші топ әйелдерді жетекші әлеуметтік рөлде – ер адамнан үстем (үй шаруашылығында, жұмыста және т.б.) рөлде көрсетіледі деп санайды. Осылайша, фильмдегі әйел бейнесін стереотиптік түрде ұсыну әйелдердің екі полярлы көрсетілімімен сипатталады, онда әйел ер адамдарға бағынады немесе ол басым болады. Әйел бейнесін стереотиптік ұсыну жөнінде үшінші пікір – келін мен қайын ене рөлі арасындағы қарым-қатынастың архаикалық көзқарасы, келіннің әлеуметтік мәртебесі және күйеуінің үйіндегі келіннің рөлі.

Сұхбатқа қатысқан сарапшылар отандық кинематографияны дамытуда стереотипті ұсыну тәжірибесін кинодағы әйелдер үшін жаңа әлеуметтік рөлдерді енгізу арқылы жою керек деп санайды.

Егер әйел орталық кейіпкер болатын болса, онда тағы да клише тағылған бейнелерді сомдайды: аналар, әйел-амазонкалар, құрбы әйелдер, бас кейіпкердің сүйіктісі және т.б.

Қазақстандық кинода әйелдердің дұрыс бейнесінің жоқтығын сарапшылар әйелдерге деген әйел көзқарасының жетіспеушілігімен түсіндіреді, мұнда сөз әйел сценаристердің аздығында болып тұр.

Ruh.kz: Шетелдік кинолардағы гендерлік стереотип қалай бағаланады?

Айгүл Ракишева: Кинода феминизация үдерісінің жүріп жатқанына қарамастан, әйел режиссерлердің заманауи қызметі посткеңестік елдермен қатар жалпылай алғанда дүние жүзінде бұрынғыдай мардымсыз, бұл кинематографиядағы гендерлік теңсіздікті білдіреді.

Сондықтан көптеген сарапшылар фильмдерге гендерлік таптаурын мәніне өлшеу жүргізу қажет деп есептейді. Дүние жүзіндегі белгілі өлшеулердің бірі америкалық карикатурашы Элисон Бекделдің құрметіне қойылған Бекдел сынағы болып табылады, ол «Dykes to Watch Out For» комиксін құра отырып, онда баяндалған талаптар фильмдерді гендерлік теріс түсінік бойынша сарапшылық жолмен бағалауда қолданылатынын ойламады. Оны өту үшін шығарма қандай да бір тақырыпта өзара әңгіме-дүкен құрып отырған, ер адамдардан бөлек кем дегенде екі әйел кейіпкерден тұруы тиіс. Кейде осы екі әйелдің есімдері де аталуы тиіс екендігін де қосады.

Аталған сынақты гендерлік теңгерімді бағалау үшін көптеген кинофестивальдер пайдаланады, бұл тәжірибе, әсіресе, феминистік қозғалыс өте қатты дамыған және гендерлік тең құқықта кең үдеріске қол жеткізген Швецияда өте табысты болды. Аталған сынақтан табысты өткен фильмге «А» санаты берледі. Егер Сіз фильмдерді Бекдел сынағына тексере бастасаңыз, онда туындылардың өте аз бөлігі ғана осы сынақтан өтетініне көз жеткізесіз.

Ruh.kz: Қазақстанда кинодағы гендерлік теңдік қаншалықты дамыған немесе оны дамыту үшін не қажет?

Айгүл Ракишева: Әрине, бұл жерде бірақатар шаралар кешені қажет. Бірақ олардың тек кейбірін ғана келтіре кетейін. Алдымен кинодағы ерлер мен әйелдерді бірдей деңгейде көрсететін гендерлік рөлдердің әралуандығын бейнелеу қажет. Ерлер – белсенді әрі өзіне-өзі сенімді, ал әйелдер пассив әрі қосалқы рөлдерді көрсететін бейнекөріністерден аулақ болған жөн. Әрбір образ өзінше бірегей болып табылатын ерлер мен әйелдер образдарының «галереясын» әзірлеу қажет. Киноны кәсіп еткен әйелдерге деген қарым-қатынасты мүлдем өзгерту қажет екені даусыз. Режиссерлер, сценаристер, операторлар, продюсерлер және т.с.с. әйел кино майталмандарының санын арттыру қажет. Мәселен, қазіргі таңда Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында режиссер мамандығына түсетін қыз үміткерлер саны жігіттерге қарағанда аз емес, тіпті көп деуге де болады. Басқа кез келген мамандыққа тапсыратындар сияқты табиғи іріктеу жүргізіледі. Осы жерде қыздардың табысқа жету жолында ерлерге қарағанда көп күш жұмсай отырып, өздері таңдап алған мамандықтарына өздерінің толық құқықтары бар екенін үнемі дәлелдеу қажеттілігі пайда бола бастайды.

Шет елдерде әйел киносына арналған халықаралық кинофестивальдер, үздік гендерлік қызмет саласындағы білім мен табысты тәжірибелерді өзара алмасып, талқылауға және бөлісуге арналған әртүрлі шығармашылық алаңдар ұйымдастырылады, әйел киносын қолдауға және ілгерілетуге арналған арнайы институттар құрылған. Аталғандардың барлығы кинодағы гендерлік теңдікті дамытуға ықпал етеді.

Ақнұр Иманқұл: Өкінішке орай, қазіргі уақытта Қазақстанда үлкен көлемді киноөндіріс және әртүрлі контент бар кезінде айқын, анық жазылған, тексерілген, басты рөлдегі әйел бейнелері бар кинокартиналар өте аз. Негізінен, кейіпкерлер көмекші функцияны орындайды, бір сөзбен айтқанда, пассивті. Бұл қазіргі кинематографияда әйелдер мен гендерлік рөлдердің стереотиптік бейнесі басым екенін көрсетеді. Гендерлік стереотиптердің болуы әлеуметтік-психологиялық құбылыс және әлеуметтенудің ең жарқын факторы болып табылады. Кинодағы стереотиптік көзқарастар картинадан картинаға ерлер мен әйелдер кейіпкерлерінің ең стереотиптік гендерлік рөлдері мен сипаттамаларын қолдануға алып келеді. Ерлер басым, әйелдер тәуелді.

Сонымен бірге отандық кинодағы көптеген картиналар тек ерлер әлеміне немесе тарихи ер адамдарға арналған.

Зерттеуде сарапшыларға қазақстандық кинодағы әйел бейнелерін талқылау ұсынылған болатын. Қазақстандық фильмдердегі әйелдер образдарын талқылау барысында сарапшылар алдымен әйелдердің ең жарқын бейнелерін атады. Бұл әйелдердің бейнелері қандай? Жауап берген сарапшылардың көпшілігі әйелдердің есте қаларлық бейнелері туралы сұраққа жауап бере отырып, мұны актрисалардың жақсы ойынымен және фильмнің сюжеттік желісімен байланыстырды. Осылайша, зерттеу барысында алынған мәліметтер сарапшылардың пікірін екі топқа бөлуге мүмкіндік берді:

– сарапшылардың бірінші тобы қазақстандық кинода жақсы әйел бейнелері бар, алайда олар жеткіліксіз деп есептейді. Осыған байланысты актрисалардың кәсіби жұмысының призмасы және кинодағы әйел бейнесінің қазақстандық қоғамның мәдени үлгілерімен сәйкестігі арқылы сипатталатын нақты бейнелер ерекшеленеді. Мысал ретінде сарапшылар ананың немесе ер адамдарға аз тәуелді әйелдердің рөлін көрсетеді;

– сарапшылардың екінші тобы қазақстандық кинода әйел бейнесі жергілікті аудитория үшін емес, түрлі кинофестивальдерде жеңіске жету үшін ғана пысықталған деп санайды. Бұл «азап шеккендердің» және «құқықсыз тіршілік иесі» образдары.

Сарапшылар сұхбатта атап өткен келесі бейнелер – бұл әпкелер, ғашықтар және т.б. рөліндегі әйелдердің бейнелері, бұл бейнелер барлығын біріктіреді, сондықтан сарапшылар оларды ерлерге аз тәуелді деп атап өтеді. Сюжеттік желіде бұл образдар толығымен ашылған және күшті сипатқа ие.

Ruh.kz: Сұқбаттасуға келісім бергендеріңізге көптен-көп рақмет! Алдағы уақытта жұмыстарыңызға тек сәттілік тілейміз!

Басқа материалдар

Back to top button