Жаңалық

«Ең үздік ұлттық жоба» анықталды

«Адал тұлға-2020» ұлттық сыйлығы аясында ҚР БҒМ қарасты «ADAL BILIM» жобалық кеңсесі «Ең үздік ұлттық жоба» номинациясына ие болды. 

Ұлттық сыйлықты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев табыстады.

Аталған марапатқа «ADAL BILIM» жобалық кеңсесі білім және ғылым саласындағысыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізген жұмыстары үшін ие болды. Жобалық кеңсенің негізгі қызметтерінің бірі –мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылым саласында парасаттылықты қалыптастыру. Сондай-ақ «ADAL BILIM» осы салаларды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау жұмыстарымен айналысады.

«ADAL BILIM» жобалық кеңсесі – мемлекеттік мекеме емес, қоғамдық жұмыс. Білім және ғылым саласындағы жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыс істеп жатқанымызға 1 жыл ғана болды. Осы уақыт аралығында аталған салалар бойынша тіркелген заң бұзушылықтар бойынша жұмыс істеп, жақсы нәтиже көрсетіп үлгердік. «Ең үздік ұлттық жоба» атануымыз бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Алдағы уақытта да еліміздегі сыбайлас жемқорлық факторларын барынша азайту үшін қызмет етеміз», – деді «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің төрағасы Талғат Нәрікбаев.

Атап өтейік, «ADAL BILIM» жобалық кеңсесі 2019 жылдың 2 шілдесінде М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің базасында құрылған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button