Жаңалық

«Бабалар рухы – балаларға» байқауы аяқталды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «БАБАЛАР РУХЫ – БАЛАЛАРҒА» атты облыстық онлайн байқауы өтті. 

Байқау батыр бабаларымыздың даңқты тұлғаларына тағзым етіп, олардан мирас болып қалған ерлік пен өрліктің рухын жас жеткіншектердің бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған. Байқаудың шарты бойынша қатысқан 7-14 жас аралығындағы ер балалар батырлар жырын жатқа оқуға тиіс болды. Үміткерлер батырлар жырынан үзінді немесе жыраулар поэзиясын жатқа айтып, бір минуттық бейнежазбаға түсіріп «Рухани жаңғыру» кеңсесіне жолдады. Байқауға екі жүзге жуық бала қатысты. Өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге септігін тигізетін байқауда Көкшетау, Степногорск қалалары, сонымен қатар Бұланды, Біржан сал, Зеренді , Ақкөл, Бурабай, Астрахан аудандары белсенділік танытты.

Қазылар алқасының құрамына Ақмола облысының тілдер дамыту орталығының басшысы Қаратай Төлекеев, Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының маманы Сая Бекқожаева, облыстық «Арқа ажары» газетінің тілшісі Ұлмекен Тыныштыққызы, Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжінің ғылыми – әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары Арайлым Қайыргелдіқызы, Ақмола облысының «Рухани Жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастыру – жобалау бөлімінің басшысы Серғазы Қайырболды кірді.

Қазылар алқасының шешімімен І орын Мырзатхан Бекарыс (Біржан сал ауданы), Арнұр Жалғасов (Бұланды ауданы), ІІ орын Төлеубай Райымбек (Көкшетау қаласы, Станционный кенті ), Ержан Ақтілек (Бұланды ауданы) және ІІІ орынды Зибат Данияр, Кушунов Леонид (Зеренді ауданы) иеленді.

Ынталандыру сыйлықтарын Құттыбай Батырхан (Егіндікөл ауданы, Ұзынкөл ауылы), Айвек Еркеғали (Аршалы ауданы, Сарыоба станциясы), Кенжеболатов Ораз (Бұрабай ауданы, Щучье қаласы), Жеңіс Дархан (Көкшетау қаласы), Тілеухан Сырым (Степногорск, Қырыққұдық ауылы), Нұрсұлтан Еренбекұлы (Бұланды ауданы, Елтай ауылы) иеленді.

Басқа материалдар

Back to top button