Жаңалық

«Жылдың үздік ақыны» анықталмақ

Халқымыздың қаһарман ұлы, Мемлекет қайраткері Жұмабек Ахметұлы Ташенев жүлдесіне арналған байқау Тәуелсіз Қазақстанның дамуында мәдениет пен өнер, білім мен ғылым саласында Һәм қоғамда белсенділік танытып жүрген қайраткерлерді және «Жылдың үздік айтыс және жазба ақындары мен жас қаламгерлерін» анықтайды. 

Байқау келесі ережелер бойынша өткізіледі:

· Жас ақындар байқауға өздерінің ең таңдаулы өлеңдерін ұсына алады.

· Мүшайра үлгісінде өтетін бұл сайысқа түсетін ақын өз туындысын сахнада оқуы шарт;

· Жыр бәйгесіне қатысушы ақын өз шығармасын өткізілетін күнге дейін, яғни 3 күн бұрын жіберуі тиіс.

Сайысты өткізу тәртібі:

· Сайысқа Қарағанды облысының 35 жасқа дейінгі жас ақындары қатыса алады. Олардың өлеңдері бұрын-соңды аймақтық, Республикалық басылымдарда жарық көруі міндетті;

· Жылдың үздік айтыскер ақыны жыр бәйгесінде анықталады;

· Сайысқа қатысушыларға демеуші болам деушілерге шек қойылмайды. Кез келген ұжым ұйымдастыру комитетінің келісімімен арнайы сыйлық тағайындауға құқылы;

· Жазба ақындары арасындағы жүлдегерді сайысқа қатысушы ақындар өздері анықтайды. Олар жасырын дауыс беру арқылы шешіледі;

· Ұйымдастыру комитетінің төрағасы, дауыс тең түскен жағдайда, бір дауыс бере алады.

Жеңімпазға және жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылады және ұйымдастырушылар жылдың үздік ақынының жыр кітабын шығарып береді.

Сондай-ақ әр салада анықталған жүзден жүйріктерге Жұмабек Ахметұлы Ташенев жүлдесі табысталады.

Қосымша мағлұмат:

Іс-сапар шығыны жіберуші есебінен қарастырылады;

Өтініштер облыстық «Арқа» айтыс ақындары мектебіне, 20 желтоқсанға дейін жіберіледі;

Байланыс телефоны – 87019796601;

E-mail: aitbai_mumin@mail.ru

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button