Жаңалық

Қарағайлы орманға көшеттер отырғызыла бастады

«Алматының қарағайлы орманы» аумағында 470-тен астам қылқан жапырақты ағаш көшеттер отырғызылды. 

Жоба басталғаннан бері Жасыл экономика басқармасы мен Алатау ауданы әкімдігінің қолдауымен «Алматының қарағайлы орманы» аумағында 2 500 астам ағаш отырғызылды.

«Алматының қарағайлы орманын» дамыту жалпы қаланың экологиясына ғана жағымды әсер етіп қоймай, оның төменгі бөлігінде қажетті инфрақұрылым қалыптастырады, бұл осы ауданның тұрғындары үшін өте қажет. «Алматының қарағайлы орманы» біртіндеп экологиялық және спорттық іс-шаралар өтетін орынға айналады деп жоспарлануда. Саябақта лайықты спорттық инфрақұрылым дамиды деп күтілуде.

Жобаға аясында алаңға 35 мыңға жуық ағаш отырғызу көзделген.

«Біз бизнес ретінде өз табиғатымызды қорғауға байланысты мәселелерді шешуде жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз. Әрбір жауапты азаматтың басты қамқорлығы өз балаларының болашағына деген қамқорлық», – деді Данияр Сасықов.

Жобаны дамытуға Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Жасыл экономика басқармасының өкілдері қолдау білдірді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button