Жаңалық

Айғаным қонысы

Еліміздің әр өңірі туралы travel-сериясының келесі саны Солтүстік Қазақстан облысына арналады. 

Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлерінің картасына енген нысандардың бірі – Айыртау ауданындағы Айғаным кешені.

 

Бірегей музей – ХІХ ғасырдан сыр шертеді.

 

Белгілі ғалым, этнограф Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғанымға арналып салынған кешенде Шоқан Шыңғысұлының салған суреттері мен қолжазбалары, күнделікті қолданған заттарына дейін сақтаулы тұр.

 

Жыл сайын тарихи ескерткішті тамашалауға орта есеппен 2500 адам келеді.

 

Бұл қыстақ ХІХ ғасырдың басында, 1824 жылы қазынадан бөлінген 5 мың рубльге салынады.

 

1930 жылдары мекен коммунистердің қолымен түгел дерлік жойылады. Бөренелерден маңындағы колхоздардың бірінде – мәдениет үйі, екіншісінде клуб тұрғызылады

 

1980 жылы ғана қыстақтың жұртынан үйлердің іргетастары табылған. Сол іргетастардың үстіне бөренеден қиылып төрт үй тұрғызылған.

 

Айғаным қонысында 6 мыңға жуық жәдігер сақтаулы.

 

Сырымбет тауының етегінде орналасқан үй – бүгінде ашық аспан астындағы музей қызметін атқарып тұр.

 

Тарихи ескерткіш бірнеше рет отқа оранды. 1993 жылы кешенге қайта жан бітті деуге болады.

 

Уәлиханов әулетінің қонысы алты ай қыс бойы жабық жатады. Үйлер жылытылмайды.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button