Жаңалық

Дәстүр байқауы қорытындыланды

Байқауды Павлодар облысы, «Жігер» балалар мен жасөспірімдер клубы ұйымдастырды. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының ұлттық бірегейлікті сақтау бағыты аясында «Жігер» балалар мен жасөспірімдер клубында «Әкеге қарап ұл өседі, шешеғе қарап қыз өседі», «Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» атты ұлттық дәстүрлердің онлайн конкурсы өткізілді.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша байқау қазақтың салт-дәстүрлеріне деген қызығушылықты арттырып, қазақ халқының ұмытылып бара жатқан тағамдарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Аталған шараға 67 тәрбиеленуші қатысты. Байқау соңында қазылар алқасының құрамы қатысушылардың байқау жұмыстарын бағалап, жеңімпаздарды төрт номинация бойынша анықтады. «Менің мұрам», «Ұрпақ даналығы», «Дәстүрлерді сақтаймыз», «Дәстүр мен қазіргі заман» номинациялары бойынша барлығы 8 балалар мен жасөспірімдер клубы жүлделі орындарға ие болды.

Басқа материалдар

Back to top button