Жаңалық

«100 жаңа оқулықты» қайдан алуға болады?

«100 жаңа оқулық» жобасының соңғы аударылған 23 оқулығы басылып, университеттерге таратылды. 

Оқулықтар батыс һәм шығыс философиясы, саясаттану, әлеуметтік зерттеу, білім беру, этнография, демография, мемлекеттік саясат, менеджмент, тарих салаларын қамтыған.

 

2017 жылдан күні бүгінге дейін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында басылып шыққан кітаптың барлығын Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагоггикалық университетіннің «100 жаңа оқулық» коворкинг орталығынан да табуға болады.

 

Оқулықтар ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аударылған. Аударма жұмысына білікті аудармашылар мен редакторлар, ЖОО ғалымдары қатысқан.

 

Аталмыш оқу орнында «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімі, 2018 жылдан бері «Рухани жаңғыру» алаңы жұмыс істеп тұр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button