Жаңалық

Дзюдодан Қазақстан чемпионы анықталды

Чемпионат Ақтау қаласында өтіп жатыр. Ерлер мен әйелдер арасындағы бұл елішілік чемпионат 7 салмақ дәрежесі бойынша өткізілуде. 

Дзюдодан ел чемпионатында Түркістан облысының балуаны Дидар Хамза 90 келіге дейінгі салмақта алтын медальге ие болды. Бұл – облыс қанжығасындағы ең алғаш алтын.

 

Түркістандық Перизат Жақыпбаева 70 келі салмақ дәрежесі бойынша белдесіп, облыс қоржынын күміс медальмен толықтырды.

 

Сонымен қатар, 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұриддин Ералхан қола жүлдегер атанса, Молдаш Керімбек үздік бестікке енді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button