Жаңалық

Жылдың үздік ұстаздары мен жастары марапатталды

Елімізде мәдениет саласы бойынша жылдың үздік жастары мен ұстаздары марапатталды. Сонымен қатар, талай жыл елге еңбегі сіңген мамандарға «Қазақстанның Құрметті Педагогы» төсбелгісі табысталды, деп хабарлайды Ruh.kz өңірлік ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып. 

Шара «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Білім өркениеті» ұлттық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген байқауларда «Жылдың үздік ұстазы», «Үздік жас маман», «Жылдың үздік студенті» анықталды.

Сондай-ақ, «Қазақстанның Құрметті Педагогтары» іріктеліп, еліміз бойынша бұл төсбелгіге 13 адам лайық деп танылған. Жалпы бұл марапатқа 80-ге жуық ұстаз ұсынылған.

«Көп жылдардан бері еңбек етіп жүрміз. Сол еңбегіміздің еленгеніне разымыз! Көп рахмет! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», – деді «Қазақстанның құрметті педагогы» марапатының иегері Ғалия Тоқсанбаева.

Мұндай шаралар ұстаздар арасына тығыз байланыс орнатып, педагогтардың инновациялық идеяларын кеңейтуге арналған. Ал «Үздік жас маман» байқауына 200-ге өтінім келіп түскен.

«Жылдың үздік студенті» сайысына 500-ге жуық студент қатысып, бұл аталымға 20 азамат лайық деп танылған.

Жеңімпаздарға арнайы төсбелгілер, педагогтардың өмірбаяны енгізілген кітап жинағы, куәлік пен дипломдар тапсырылды. Сондай-ақ шара барысында «Білім өркениеті» ұлттық ғылыми-зерттеу орталығының «Үздік студенттер академиясы» қатарына студенттер қабылданды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button